Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Өзбекстан U-20 ойыншысы: "Келесі ойында да ұтуға тырысамыз"

Сарапшы, спорт журналисі

Естеріңізге салсақ, Қазақстан (U-21) Өзбекстан (U-20) дан ұтылып қалған болатын.

Өзбекстан U-20 ойыншысы: "Келесі ойында да ұтуға тырысамыз"
Сурет: ашық дереккөздерден

 

Өзбекстан жастар құрамасының (U-20) жартылай қорғаушысы Рустамбек Фомин Өзбекстан мен Қазақстан құрамалары (U-21) арасындағы жолдастық кездесудегі (1:0) жеңіс жайлы пікір білдірді.

«Қазақстан — жақсы ұйымдасқан команда. Біз қарсыласқа байыппен дайындалдық: олардың ойындарын қарап, теориялық сабақтарда талдадық. Үлкен дайындықтан өттік. Өз сәтімізді тиімді пайдаланып, жеңіске жеттік. Келесі ойында да, бұйыртса, жеңіске жетуге тырысамыз. Әр кездесуге барлығымыз зор жауапкершілікпен дайындаламыз, алаңға шығып, бар күшімізді саламыз. Қаңтар айында бізді Азия кубогы күтіп тұр, қазіргі дайындық сол турнирге бағытталған. Біздің мақсатымыз — чемпион болу. Кім ойнайды, кім ойнамайды — оны бапкер шешеді.

Қазақстан Еуропада ойнайды, бұл сезіледі: олар ұйымдасқан әрі мықты команда. Біз олардың қалай ойнайтынын білдік және соған сай дайындалдық», — деді Фомин.

Еске сала кетейік, Өзбекстан мен Қазақстан жастар құрамалары арасындағы жолдастық матч 1:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. Жеңіс голын 84-минутта самарқандтық «Динамо» шабуылшысы Фирдавс Абдурахмонов қазақстандық қорғаушының өз айып алаңындағы қателігін пайдаланып соқты.

Командалар 14 қазан күні Ташкентте екінші жолдастық кездесуді өткізеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір