
Кездесу 21 қазан күні Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.
Футбол жанкүйерлері үшін көптен күткен хабар — Чемпиондар лигасы аясындағы «Қайрат» пен кипрлік «Пафос» арасындағы матчқа билеттер бүгіннен бастап сатыла бастады.
Кездесу 21 қазан күні сағат 21:45-те Алматының орталығында орналасқан Орталық стадионда өтеді. Бұл ойын — жалпы кезеңнің маңызды кездесулерінің бірі.
Клубтың ресми дерегінше, билеттердің бағасы жалпы кезеңдегі барлық ойындарға бірдей деңгейде сақталған және УЕФА-мен келісілген: Яғни 30 000 мен 250 000 теңге аралығында болады.
Билеттерді Freedom SuperApp және Kairat SuperApp қосымшалары арқылы онлайн сатып алуға болады.
Естеріңізде болса, қыркүйекте мадридтік “Реалға” қарсы өткен ойында билеттер 1 сағаттың ішінде сатылып кеткен еді. Сонымен қатар, матч күні жанкүйерлер стадионға дер кезінде кіре алмай болатын.
Айта кетейік, алматылық ұжым қазір турнилік кестенің ең соңында тұр. Бірде-бір ұпайы жоқ.