Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Бразилия құрамасының матчында сенсация тіркелді

Сарапшы, спорт журналисі

Жапонияға қарсы Тёфу қаласында өткен халықаралық жолдастық кездесуде футбол жанкүйерлері күтпеген оқиғаның куәсі болды.

Жапониядағы тосын нәтиже

Ойынның алғашқы бөлігі толық “пентакампеондардың” бақылауында өтті. 26-минутта Пауло Энрике, ал 32-минутта Габриел Мартинелли мергендік танытты. 

Көпшілік бұл матчта Бразилия жеңісті оңай иеленеді деп ойлаған еді. Бірақ бәрі күтпеген бағытқа өзгерді. Үзілістен кейін жапониялықтар нағыз мінез көрсетті. 52-минутта Такуми Минамино есепті қысқартса, 62-минутта Кэйто Накамура таразы басын теңестірді. Ал 71-минутта Аясэ Уэда шешуші голды соғып, Жапонияны алға шығарды — 3:2.

Қалған минуттарда Бразилия шабуылдауға тырысқанымен жапониялық қорғаушылар тамаша ойын көрсетті. Нәтижесінде матч Азия құрлығы өкілінің тарихи жеңісімен аяқталды.

Әлем чемпионатына дайындық

Бұл кездесу екі елдің де 2026 жылғы әлем чемпионатына дайындық кезеңінің бір бөлігі болды. Екі құрама да іріктеу кезеңін сәтті өтіп, енді финалдық турнирге дайындалып жатыр.

Жанкүйерлердің айтуынша, бұл жеңіс Жапония құрамасының соңғы жылдардағы ең жарқын нәтижелерінің бірі саналады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір