Криштиану Роналду кезекті голдарын соғып, жаңа рекорд орнатты

Сарапшы, спорт журналисі

Ол әлем чемпионатының іріктеу ойындарындағы ең көп гол соққан футболшы атанды.

Криштиану Роналду кезекті голдарын соғып, жаңа рекорд орнатты
Криштиану Роналду

Лиссабондағы әйгілі «Жозе Алваладе» аренасында өткен 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің 4-турында Португалия мен Венгрия құрамалары тең түсті – 2:2.

Бұл ойында Криштиану Роналду тағы да басты кейіпкер атанды. 39 жастағы жұлдыз екі гол соғып, мансабындағы 947-ші және 948-ші добын өз есебіне жазды. Осылайша, ол әлем чемпионатының іріктеу ойындарындағы ең көп гол соққан футболшы атанды – 41 гол.

Венгрия құрамасы сапынан алғашқы минуттарда Адам Салаи (8-минут) есеп ашса, матчтың соңында Доминик Собослаи (90+1) таразы басын теңестірді.

Роберто Мартинес баптайтын Португалия 10 ұпаймен E тобының көшін бастап тұр. Ал Венгрия 5 ұпаймен екінші орында.

Келесі турда 13 қараша күні Португалия Ирландиямен кездеседі, ал Венгрия Арменияға қарсы алаңға шығады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 2
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір