
“Жеңіс” ойыншысы жаңа маусым алдында ақ-қызылдар жейдесін киеді деген ақпарат бар.
25 жастағы ойыншы “Жеңіс” командасында осы маусымның басынан бері өнер көрсетіп келеді. Жалпы Қараман елорда ұжымы сапында барлығы 27 матч өткізіп, 3 гол мен 2 голдық пас берді.
“Жеңістен” бөлек, Дінмұхамед талдықорғандық “Жетісу”, палодарлық “Ақсу” және “Тараз” ұжымдарында өнер көрсетті.
Қазақстан құрамасына осы жылы шақырту алып, Бельгиямен матчта дебют жасаған Қараман, кешегі Солтүстік Македониямен болған кездесуде гол соғып, ұлттық командамыздағы ең алғашқы нәтижесін тіркеген еді.