Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 25-турында «Тұран» мен «Елімай» жанкүйерлерге нағыз гол мерекесін сыйлады.
Кездесудің алғашқы минуттарынан-ақ қонақтар шабуылды күшейтіп, есепті 5-минутта Рамазан Оразов ашты. Көп ұзамай 9-минутта Кевтн Ролон айырмашылықты ұлғайтты. Бірақ «Тұран» да қарымта қайтарды. 13-минутта Бақдәулет Зулфикаров есепті қысқартты.
27-минутта Иван Свиридов қайтадан басымдықты «Елімайға» алып келді. Тайм соңында Юрий Перцухтың соққысы есепті 2:3-ке жеткізді.
Екінші таймда семейліктер қарсыласына мүлде мүмкіндік бермеді. 49-минутта Фессу Плакка кейін 75-минутта Роман Мұртазаев пен Ғалымжан Кенжебек гол соғып, жеңісті нықтады — 6:3. Тек 78-минутта сербиялық Лука Чермельдің соққысы «Тұранға» үшінші голды әкелді.
Бұл жеңістен кейін «Елімай» қоржынына 45 ұпай салып, төртінші орынға көтерілді. Ал «Тұран» 16 ұпаймен соңғы орында қалып отыр.