Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Хаби Алонсо АҚШ-та «Барсаға» қарсы матч өткізуге наразы

Сарапшы, спорт журналисі

Мұндай ойын испан футболының бәсекелестік қағидаларына қайшы келетінін айтады. 

Хаби Алонсо АҚШ-та «Барсаға» қарсы матч өткізуге наразы
sportilinet.kz

«Реал Мадрид» бас бапкері Хаби Алонсо Ла Лиганың Испания аумағынан тыс жерде, атап айтқанда, АҚШ-та матч өткізу жоспарына қарсы екенін ашық мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл шешім испан футболының бәсекелестік қағидаларына қайшы келеді.

Бұған дейін Ла Лига басшылығы 17-турдағы «Вильярреал» – «Барселона» ойынын Майами қаласында өткізу туралы шешім қабылдаған еді. Бұл бастама лига басшылығы тарапынан коммерциялық жоба ретінде түсіндірілгенімен, Испанияның көптеген клубы қарсы шықты.

Хаби Алонсо не деді?

Хаби Алонсо бұл мәселеге қатысты ұстанымын AS басылымына берген сұхбатында ашық айтты:

«Менің пікірім екі ай бұрын қандай болса – қазір де сондай. Біз бұл шешімге қарсымыз. Ойындарды шетелде өткізу – бәсекелестіктің таза табиғатын бұзады. Матчты АҚШ-та өткізуге қарсы ұйымдастырылған наразылықтар орынды. Өйткені бұл – көп клубтың ортақ көзқарасы. Біз бір жағымыз», – деді ол.

Бұл мәселеге тек бапкерлер ғана емес, ойыншылар да үн қосты. Испания футболшылар қауымдастығы (AFE) шетелде матч өткізуге ресми түрде наразылық білдірді. 

  • Ла Лига 9-турындағы барлық матч алғашқы секундтарында символикалық тоқтаумен басталды;
  • 17 қазанда өткен «Овьедо» – «Эспаньол» матчында футболшылар алғашқы 30 секунд бойы допқа тимей, қарсылық белгісін көрсетті.

Олар Ла Лига шешімі жанкүйерлерді, дәстүрді және ұлттық футболдың беделін елемейтінін айтады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір