
Transfermarkt дерегінше, оның нарықтық бағасы – 35 миллион еуро.
Transfermarkt порталы Ағылшын Премьер-лигасына (АПЛ) посткеңестік елдерінен келген ең қымбат футболшылардың тізімін жариялады. Көш басында Өзбекстан футболының жұлдызы – Абдукодир Хусанов тұр.
19 жастағы өзбек қорғаушысы «Манчестер Сити» сапында ойнайды және қазірдің өзінде әлемдік скауттардың назарына ілігіп үлгерген. Transfermarkt дерегінше, оның нарықтық бағасы – 35 миллион еуро.
Бұл – АПЛ-дағы посткеңестік елдерденшыққан ең қымбат футболшы деген сөз.
Екінші орынға Грузия құрамасының қақпашысы Георгий Мамардашвили жайғасқан. Қазір ол «Ливерпуль» клубының негізгі ойыншыларының бірі саналады. Қақпашының трансферлік құны – 28 миллион еуро.
Үздік үштікті украиналық қорғаушы Виталий Миколенко түйіндеді. «Эвертон» клубының ойыншысы бүгінде тұрақты түрде негізгі құрамда өнер көрсетеді. Оның нарықтық бағасы – 25 миллион еуро.