
Естеріңізге салсақ, кешегі ойын тең аяқталған болатын.
Алматылық «Қайрат» тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде ұпай алды.
Үшінші турда Рафаэль Оразбахтин жаттықтыратын команда өз алаңында кипрлік «Пафоспен» 0:0 есебімен тең түсті. Бұл тең ойын үшін УЕФА «Қайратқа» 700 мың еуро (шамамен 438 миллион теңге) сыйақы береді. Ал жеңіске 2,1 миллион еуро (1,31 миллиард теңге) көлемінде сыйақы қарастырылған.
Еске сала кетсек, «Қайрат» жалпы кезеңдегі алғашқы кездесуін сырт алаңда португалиялық «Спортингтен» 1:4 есебімен ұтылып бастаған еді. Кейін өз алаңында испандық «Реалдан» 0:5 есебімен ойсырай жеңілді. Сонымен қатар, қазақстандық клубтың осы кезеңдегі қарсыластары — ағылшынның «Арсеналы», италиялық «Интер», бельгиялық «Брюгге», даттық «Копенгаген» және грек «Олимпиакосы» болады.