
Астаналық жас шабуылшы Шыңғыс Әлікеев Португалияда ел атын шығарып жүр. Ол «Бенфика» (U-17) құрамында алғашқы голын соғып, командасына 7:0 есебімен жеңіске үлес қосты.
Португалияның жасөспірімдер арасындағы екінші дивизионында өткен төртінші тур ойынында Лиссабонның «Бенфикасы» қарсыласы «Амораны» 7:0 есебімен ойсырата жеңді.
Осы кездесуде 15 жастағы қазақстандық шабуылшы Шыңғыс Әлікеев алғашқы голын соқты. Ол алаңда 65 минут ойнап, белсенді ойынымен көзге түсті.
Жергілікті БАҚ бұл ойынды «Бенфиканың жас жұлдыздарының шоуы» деп атады. Ал қазақстандық жас футболшының голы матчтағы ең жарқын сәттердің бірі болды.
Шыңғыс Әлікеев — Астана қаласының тумасы. Ол Португалияға жасөспірімдер академиясы арқылы ауысып, біртіндеп «Бенфика» жүйесіне енген.
Өткен маусымда Чингиз «Бенфика» U-16 құрамында Португалия чемпионы атанды. Сол маусымда ол:
Жақсы ойынының арқасында Әлікеевке жасөспірімдер құрамасына шақырту келді. Қазақстандық жанкүйерлер оны болашақта ұлттық құрама сапынан көретініне үміт артып отыр.