
Қазақстан жылдың соңғы кездесуін Фарер аралдарына қарсы өткізеді.
Матч 18 қараша күні Хорватияның Пула қаласындағы “Алдо Дросина” стадионында өтеді. Кездесу Астана уақытымен сағат 22:00-де басталады.
Бұл жолдастық ойын 2025 жылғы ұлттық құраманың соңғы матчы болмақ. Ол әлем чемпионаты–2026 іріктеу кезеңіндегі Бельгиямен өтетін 15 қарашадағы ойыннан үш күн кейін ұйымдастырылады.
Айта кетсек, Қазақстан мен Фарер аралдары құрамалары бұған дейін үш рет кездескен. Нәтижесінде:
Қазан айында ұлттық құрама тізгінін Талғат Байсұфинов уақытша бас бапкер ретінде қолына алды. Ол Әли Әлиевтің отставкасынан кейін командаға қайта оралды.
Байсұфиновтың басшылығымен Қазақстан екі іріктеу ойынын өткізді:
Бұл нәтижелер команданың рухын көтеріп, алдағы ойындарға сенімділік ұялатты.