Нұралы Әліп ресейлік клубта 100-ші ойынын өткізді

Сарапшы, спорт журналисі
Нұралы Әліп ресейлік клубта 100-ші ойынын өткізді
Нұралы Әліп. Фото: "Зенит" ФК

«Зениттің» баспасөз қызметі Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліпке арналған Instagram жазбасын жариялады.

Санкт-Петербург клубы қазақ футболшысының ресейлік команда сапындағы 100-ойынын атап өткен салтанатты шарадан суретпен бөлісті. Бұл мерейтойлық матч Ресей Премьер-лигасының 10-шы турында өткен «Оренбургке» қарсы (5:2) үй кездесуінде өтті. Суретте Нұралыға 100 нөмірі жазылған естелік жейде табысталып жатқан сәт бейнеленген.

Ал кешегі ойынға келетін болсақ, Ресей кубогі аясында 101-ші ойынға қатысқан Нұралы Әліп алаңға алғашқы құрамда шығып, 65 минут ойын өткізді. “Зенит” өз алаңында “Оренбургты” ірі есеппен жеңе білді (6:0).

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының капитаны Нұралы Әліп 2022 жылы «Қайраттан» «Зенитке» ауысқан.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір