Әлем чемпионаты Қытай елінде өтеді.
Ол арнайы Қытайдың Уси қаласына барып, WT нұсқасы бойынша таеквондо бойынша Қазақстан ұлттық құрамасын қолдады. Фотосурет таеквондо федерациясының Instagram парақшасында жарияланды.
WT таеквондодан әлем чемпионаты 2025 жылдың 24–30 қазаны аралығында Қытайдың Уси қаласында өтеді. Турнирге әлемнің 179 елінен 991 спортшы қатысуда.
Қазақстан құрамасының намысын 16 таеквондошы қорғайды: әр салмақ дәрежесінде сегіз ер және сегіз әйел спортшы.
2027 жылғы әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Қазақстан ресми түрде 2027 жылғы WT таеквондо әлем чемпионатын қабылдайтын ел болып таңдалды. Бұл шешім қазіргі әлем біріншілігі аясында Қытайдың Уси қаласында өткен Дүниежүзілік таеквондо федерациясының (World Taekwondo) отырысында қабылданды.
Ұйымға мүше барлық елдердің өкілдері Астанада өткен халықаралық жарыстардың жоғары деңгейін атап өтіп, Қазақстанның кандидатурасын бірауыздан қолдады.
Алдағы әлем чемпионаты тарихта алғаш рет Қазақстанда және Орталық Азияда өтеді. Федерация турнирді Астана қаласында өткізуді жоспарлап отыр.