Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Ақтөбедегі жаңа стадион құрылысының қарқыны қандай?

Сарапшы, спорт журналисі

25 гектар аумақта бой көтеретін жаңа стадион 30 мыңнан астам жанкүйерді қабылдай алады.

Ақтөбедегі жаңа стадион құрылысының қарқыны қандай?
t.me/seryicard

Ақтөбеде Батыс Қазақстандағы ең ірі спорт нысанының құрылысы ресми түрде басталды. Алғашқы дайындық жұмыстары аяқталып, жақын күндері котлован қазу басталады.

Бұған дейін негізгі қиындықтар құжаттамамен және рұқсаттармен байланысты болған еді, бірақ бүгінде барлық кедергілер артта қалды.

Қазір құрылыс алаңы толықтай қоршалып, аумаққа топырақ тасу және жоспарлау жұмыстары жүріп жатыр. Енді алдағы апталарда құрылыс техникасы мен жұмысшылар толық мобилизацияланып, стадионның іргетасы қалана бастайды.

Фото: avestnik.kz

Стадион сыйымдылығы: 30 мыңнан жоғары, бірақ...

Жобаның бастапқы нұсқасында арена 35 мың орынға есептелген болатын. Алайда жаңартылған есеп бойынша, стадион 30 мыңнан астам көрерменді қабылдайды деп жоспарланып отыр.

Мұндай сыйымдылық Қазақстандағы үздік үш стадионның қатарына кіруге мүмкіндік береді. Заманауи арена халықаралық матчтарға, соның ішінде UEFA және FIFA талаптарына сай болады.

Жаңа стадион айналасында қаланың мәдени және спорттық инфрақұрылым орталығы қалыптасып келеді. Қазірдің өзінде екі нысанның құрылысы қызу жүріп жатыр:

  • Драмалық театр,
  • 5 мың орындық көпфункциялы спорт кешені.
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір