ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

Қазақстан құрамасы Еуро-2026 іріктеуін сенімді жеңіспен бастады

Қазақстанның 17 жасқа дейінгі қыздар құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңін сенімді жеңіспен бастады. Талғардағы Ұлттық құрамалар базасында өткен ойында біздің қыздар Грузиядан 4:2 есебімен басым түсті.

Қазақстан құрамасы Еуро-2026 іріктеуін сенімді жеңіспен бастады
instagram.com/@kff_women

Бірінші тайм — нағыз шабуыл шоуы

Кездесудің алғашқы 45 минутында қазақстандық футболшы қыздар толық үстемдік танытты. Ботагөз Жұмажанова 12 және 14-минуттарда дубль жасап, командасына ерте басымдық әкелді. Кейін Ангелина Остёр басымдықты ұлғайтса, Әсел Жолболат тайм соңында төртінші голды соқты. 

Қонақтар тек екінші таймда қарсы шабуылмен жауап бере алды. Грузия құрамасынан Анано Цикаридзе 48-минутта, ал Анастасия Бучукури қосымша уақытта бір гол соқты. 

Келесі қарсылас — Босния және Герцеговина

Қазақстан құрамасы В3 тобына түсті. Бұл топта Босния және Герцеговина мен Латвия құрамалары да өнер көрсетеді. Біздің қыздар келесі ойынды 27 қазан күні Босния және Герцеговинаға қарсы өткізеді.

Іріктеу ережесіне сәйкес, топ жеңімпаздары мен ең үздік екінші орын иегері жоғары дивизионға жолдама алады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.