Алматылық «Қайрат» биылғы Еурокубок маусымында жанкүйер жинау көрсеткіші бойынша соңғы төрт жылдағы ең төмен нәтижені көрсетті. Чемпиондар лигасында «Пафосқа» (Кипр) қарсы матчқа небәрі 16 478 көрермен келген.
Алматылық «Қайрат» соңғы жылдары Қазақстан футболындағы ең көп көрермен жинайтын клубтардың бірі болған. Бірақ биылғы Еурокубок матчы бұл үрдістен ерекшеленді.
KazFootball.kz дерегінше, Алматыдағы «Орталық стадионда» өткен «Қайрат» – «Пафос» (Кипр) кездесуін ресми есеп бойынша 16 478 адам тамашалаған.
Бұл көрсеткіш соңғы төрт жылдағы ең төмен нәтиже.
Соңғы рет Алматыда Еурокубок матчтарына осыншалық аз көрермен 2021 жылы, яғни постпандемиялық кезеңде жиналды. Сол жылы «Қайраттың» Чемпиондар лигасы мен Конференциялар лигасындағы ойындарына 2 638-ден 7 952 адамға дейін ғана келген еді.
Ал кейінгі маусымдарда көрермендер саны тұрақты өсіп, тіпті кей матчтарда стадион лық толған болатын. Сондықтан биылғы нәтиже — күтпеген құлдырау.
Спорт сарапшылары мұны бірнеше фактормен байланыстырады: