Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

«Қайраттың» матчтары өзгерді: билет бағасы мен сатылымына шектеу қойылды

Сарапшы, спорт журналисі

«Қайрат» ФК Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі екі үй матчын Алматыдан Астанаға көшіру туралы ресми хабарлады. 

«Қайраттың» матчтары өзгерді: билет бағасы мен сатылымына шектеу қойылды
instagram/@f.c.kairat

Алматы қысында ойын өткізу мүмкін болмады

Клубтың мәлімдеуінше, «Олимпиакос» (9 желтоқсан) және «Брюггемен» (20 қаңтар) өтетін кездесулерді ауыстыру туралы шешім УЕФА-мен бірлесе қабылданған.

Алматыдағы Орталық стадионда қыста матч өткізу тәжірибесі көрсеткендей төмен температура, стадионның жабынсыз болуы және қар жауу қаупі жанкүйерлердің қауіпсіздігіне де, алаң сапасына да кері әсер етеді.

Осыған байланысты ойындарды жабық әрі заманауи инфрақұрылымы бар «Астана Аренасына» көшіру туралы шешім қабылданды.

Билет бағасы және сатылым тәртібі

«Брюгге» және «Олимпиакос» матчтарына билеттер 15 000 – 50 000 теңге аралығында болады. Сатылым 28 қарашада басталады:

  • Qairat Super App
  • Freedom Super App

Бір адам екіден артық билет сатып ала алмайды.

Ал абонемент иелеріне Ticketon мамандары алдын ала хабарласып, билет алу тәртібі және басымдықпен сатып алу мүмкіндігі туралы толық ақпарат береді.

«Қайраттың» бұған дейінгі нәтижелері

Алматылық команда жалпы кезеңнің екі матчын Орталық стадионда өткізіп үлгерді:

  • 0:5 – «Реалдан» жеңіліс
  • 0:0 – «Пафоспен» тең ойын

«Қайраттың» әлі екі сыртқы матчы бар:

  • 26 қараша – «Копенгагенге» қарсы (Дания)
  • 28 қаңтар – «Арсеналға» қарсы (Англия)

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір