"Копенгаген" — "Қайрат" матчының жеңімпазы аталды
Ойын 26 қарашада Дания астанасында өтеді.
rbc.ru
Чемпиондар лигасы жалпы кезеңінің 5-турда «Қайрат» сырт алаңда «Копенгагенге» қарсы ойнайды. Бірақ бұл кездесудің айқын фавориті “Қайрат” емес, дат клубы аталды.
Ойын 26 қарашада Дания астанасында өтеді. Бұл екі команда үшін де маңызды матч — екеуі де топтық кезеңнің алғашқы төрт турынан кейін небәрі бір-ақ ұпай жинаған.
«Қайраттың» қазіргі көрсеткіші
Рафаэль Уразбахтиннің командасы алғашқы төрт матчта қиын қарсыластармен ойнады:
- «Пафоспен» — 0:0
- «Спортингтен» — 1:4
- «Реалдан» — 0:5
- «Интерден» — 1:2
Алматылықтар өз тарихындағы ең күрделі Еурокубок маусымын өткізіп жатыр.
«Копенгагеннің» статистикасы
Дания чемпионы да топта оңайлықпен жүрмеді. Олар да небәрі бір ұпай алған:
- «Байермен» — 2:2
- «Қарабахқа» — 0:2
- «Боруссияға» — 2:4
- «Тоттенхэмге» — 0:4
Осылайша, екі команда да соңғы орыннан шығу үшін алаңға бар күшін салуға мәжбүр.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet