Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Ғалымжан Кенжебекке Еуропа клубтарынан қызығушылық артып жатыр

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық футболшы Ғалымжан Кенжебекке Еуропаның қай клубтары қызығушылық білдіріп жатқаны белгілі болды.

Ғалымжан Кенжебекке Еуропа клубтарынан қызығушылық артып жатыр
Ғалымжан Кенжебек. Фото: ҚФФ

Қазір қазақстандық футболшыға қызығушылық білдірген командалар қатарында Португалияның «Риу Аве», Чехияның «Виктория Пльзень», Грекияның «Олимпиакос» және ПАОК пен Шотландияның «Данди Юнайтед» клубтары бар.

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы 2003 жылы Тараз қаласында дүниеге келген. Алматылық «Қайрат» академиясында тәлім алған. Ол үлкен футболдағы алғашқы қадамын 2020 жылы аталған клубтан бастады. Одан кейін «Мақтарал» (Түркістан облысы), «Жеңіс» (Астана), кипрлік «Акритас Хлоракас», словакиялық «Кошице» клубтарында доп тепті.

Қазақстан ұлттық құрамасы сапындағы алғашқы кездесуін 2024 жылы өткізді. Қазірге дейін алты ойынға қатысып бір голдың авторы атанды. Сондай-ақ ол еліміздің 17, 19, 21 жасқа дейінгі жасөспірімдер және жастар құрамаларында ойнады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір