Сауд Арабиясының Даму қоры мен Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) дамушы елдердегі спорттық инфрақұрылымды қаржылай қолдау үшін күш біріктірді.
ФИФА ресми түрде өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойғанын мәлімдеді. Құжатқа сәйкес, ұйым дамушы мемлекеттер мен ФИФА-ға мүше ассоциацияларды қолдауға басымдық береді. Негізгі екпін – спортты ұлттық дамудың құралы ретінде пайдалануға нақты стратегиясы бар елдерге түседі.
Жоба аясында Сауд Арабиясының Даму қоры (SFD) ФИФА сертификатынан өтетін стадиондар салу немесе қолданыстағы ареналарды жаңғыртуға, стадиондарға жақын орналасқан қажетті инфрақұрылымды дамытуға 1 млрд долларға дейін жеңілдетілген несие бөлуге дайын.
ФИФА бұл серіктестікті жай ғана спорттық инфрақұрылым емес, әлеуметтік өзгерістердің құралы ретінде қарастырады.
Жобаның негізгі міндеттері:
ФИФА мен SFD ұлттық билік органдарымен бірлесе отырып, жергілікті экономикаға нақты пайда әкелетін жобаларды іріктеп, іске асыруды көздеп отыр. Бұл бастама басқа да халықаралық даму институттарын, жеке секторды және өңірлік ұйымдарды тартуға арналған старттық платформа болмақ.
ФИФА-ның ресми мәліметінше, бұл бастама FIFA Forward атты футболды дамыту бағдарламасымен тығыз байланысты. Аталған бағдарлама аясында «футболы дамушы елдерге» арнайы қаржылай қолдау көрсетіліп келеді.
Осы тізімге Қазақстан және Өзбекстан да кіреді. Демек, екі мемлекет те жаңа стадиондар салуға, қолданыстағы ареналарды ФИФА стандарттарына сай жаңартуға, стадион маңындағы көлік, қауіпсіздік, инфрақұрылым жобаларын дамытуға арналған жеңілдетілген несиелерге үміткер.