Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

«Астана» ФК қаржылық қиындыққа тап болды

Сарапшы, спорт журналисі

Елордалық клуб 2026 жылғы маусымдағы үлкен мақсаттарды орындау үшін қыруар қаржы құя алатын инвестор іздеуде. 

«Астана» ФК қаржылық қиындыққа тап болды
Instagram/@fca.astana

Инвесторлармен келіссөз және жалақы қарызы

Қазір клуб басшылығы бірқатар әлеуетті инвесторлармен келіссөз жүргізуде деп жазады ASnews. Алайда жаңа қаржы көзін тартуға кедергі келтіруі мүмкін негізгі мәселе бар – 2025 жыл үшін футболшылар мен бапкерлер штабы алдындағы қарыздар әлі толық жабылмаған.

Бұған қоса бейресми мәліметтерге сәйкес, «Астананың» ойыншылар алдындағы сыйақы төлемдер бойынша да берешегі бар, оның ішінде өткен маусымнан қалған сыйақылар да есептеледі.

Нәтиже және жіберілген мүмкіндік

Қаржылық қиындықтарға қарамастан «Астана» биылғы маусымда Қазақстан Премьер-лигасында екінші орынға табан тіреді.Соңғы турда астаналық клуб «Қайратпен» 1:1 есебімен тең ойнап, алтын медальға таласта басты бәсекелесін басып оза алмады.

Инвестор табу – клуб үшін тек қаржы мәселесін шешу ғана емес, сонымен бірге:

  • 2026 жылғы маусымға лайықты құрам жасақтау;
  • ішкі біріншілікте чемпиондыққа қайта таласу;
  • еурокубоктық сындарда бәсекеге қабілетті болу

сияқты стратегиялық мақсаттарға қол жеткізудің басты шарты болып тұр.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір