Қазақстандық бапкер Ресейдің атақты клуб штабына қосылды

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстан жастар құрамасының бұрынғы ойыншысы Вадим Боровский Ресейдің ең әйгілі командаларының бірі – Мәскеудің «Спартак» клубында жаттықтырушылық қызметке кірісті. Ол командада физикалық дайындыққа жауапты болады. 

Қазақстандық бапкер Ресейдің атақты клуб штабына қосылды
instagram/@vadimborovskiy

1986 жылы Қарағанды облысының Саран қаласында дүниеге келген Боровский кәсіби футбол мансабын «Шахтер» сапында бастап, кейін «Атырау» және «Алма-Ата» клубтарында да өнер көрсеткен. 2011 және 2012 жылдары «Шахтер» құрамында қатарынан екі маусым Қазақстан чемпионы атанған. Сондай-ақ Қазақстанның жастар және жасөспірімдер құрамалары жейдесін киген.

Бапкерлікке бет бұрғаннан кейін, 2017–2021 жылдар аралығында «Қайрат-Жастар» командасында физикалық дайындық жаттықтырушысы қызметін атқарды. 2021 жылы Мәскеудің «Спартак» жүйесіне шақырылып, біртіндеп өз орнын тапты:

  • 2022 жылы жастар командасының бапкерлер штабына қосылды;
  • 2024 жылдың қарашасында негізгі құрамның бапкерлер құрамына көтерілді.

Вадим Боровскийдің Ресей Премьер-лигасындағы топ-клубтың жаттықтырушылар тобына енуі – қазақстандық бапкерлердің деңгейі халықаралық аренада бәсекеге қабілетті екенін айқын көрсетеді. Айта кету керек, бұған дейін тағы бір отандық маман – Ерлан Ыбрырайым де Ресейдің «Крылья Советов» клубына шақырылған. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір