Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Әлиев ҚПЛ клубын жаттықтырады

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық маман Пиралы Әлиев Премьер-лигаға жолдама алған Өскеменнің «Алтай» клубын тізгіндейді. 

Әлиев ҚПЛ клубын жаттықтырады
instagram/@f.c.altai

41 жастағы Әлиев – Алматы футбол мектебінің түлегі. Ойыншы ретінде Қазақстанның бірқатар беделді клубында доп тепті:

  • «Қайрат» (Алматы)
  • «Атырау»
  • «Жетісу»
  • «Локомотив» (қазіргі «Астана»)
  • «Тобыл»
  • «Ордабасы»
  • «Ертіс»
  • «Қызылжар»

Сонымен қатар Әлиев Қазақстан құрамасы сапында бес матч өткізіп үлгерген.

Пиралы Әлиев. ФОТО: vesti.kz

Түркияда басталған бапкерлік жол

Пиралы Әлиев бапкерлік қызметін 2021/2022 маусымында Түркиядан бастады. Ол:

  • «Истанбулспор» клубының жастар командасына бас бапкер болып тағайындалды;
  • 2023/2024 маусымында осы жастар командасымен жергілікті «B» дивизионының чемпионы атанды;
  • 2023 жылы Түркия Суперлигасындағы негізгі «Истанбулспор» командасын да уақытша басқарды және екі матчта бас бапкер ретінде команданы алаңға шығарды.

«Жеңістегі» кезең және Қазақстанға оралу

Әлиев өткен маусымда «Жеңіс» клубында бас бапкердің ассистенті болып жұмыс істеді.

Акис Вавалис қызметінен кеткеннен кейін ол төрт ойын бойы уақытша бас бапкер міндетін атқарды. 
Өскемендік «Алтай» биылғы маусымда Бірінші лигада үшінші орын алып, Қазақстан Премьер-лигасына жолдама жеңіп алды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір