Қазақстан құрамасының экс-бапкері Әли Әлиев астаналық «Жеңістің» тізгінін ұстауға негізгі кандидаттардың бірі ретінде қарастырылып отыр.
Asnews.kz хабарлауынша, тараптар қазірдің өзінде белсенді келіссөздер жүргізіп, ықтимал әріптестіктің шарттарын талқылап жатыр.
Әлиев Қазақстан құрамасын 2025 жылдың қаңтарында Ресей маманы Станислав Черчесовтің орнына қабылдап алған еді. Оның жетекшілігімен Қазақстан 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде бес матч өткізіп, Лихтенштейнді (2:0) жеңді. Сондай-ақ команда Уэльстен (екі рет), Солтүстік Македониядан және Бельгиядан жеңілді. Брюссельдегі (0:6) ірі жеңілістен кейін Әлиев отставкаға берген.
Айта кетейік, бұған дейін «Жеңістің» қазіргі бапкері Андрей Демченконың командадан кетуі мүмкін екені туралы ақпарат тараған. Оған Еуропа чемпионаттарындағы бірнеше клуб қызығушылық танытып отыр.
Өткен маусымда астаналық клуб Қазақстан чемпионатын алтыншы орында аяқтады