Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Неймар жыл соңына дейін алаңға шықпайды

Сарапшы, спорт журналисі

Бразилиялық шабуылшы Неймар тағы бір ауыр жарақат алды. 

Неймар жыл соңына дейін алаңға шықпайды
idman.biz

Жарақат «Мирассолға» қарсы ойында алынды

«Сантос» шабуылшысы жарақатын Бразилия біріншілігі аясындағы «Мирассолға» қарсы матчта алды. Ол тізесіне байланысты ойынды жалғастыра алмай, алаңды мерзімінен бұрын тастап кетті.

Бұл – Неймар үшін ағымдағы жылдың төртінші жарақаты:

  • наурыз және сәуір айларында сол жақ жамбасындағы жарақатына байланысты бірнеше матчты жіберіп алды;
  • қыркүйекте тағы да жамбас бұлшықетінде проблема пайда болды;
  • енді кезекті соққы тізесіне тиді.

Бразилиялық ақпарат құралдарының дерегінше, Неймар 2025 жылдың соңына дейін ресми матчтарға қатыспайды.

«Сантостың» жағдайфы ауыр

Неймарсыз-ақ қиын жағдайда тұрған «Сантос» үшін бұл жаңалық өте ауыр соққы болды.

Бразилия чемпионатының турнир кестесінде клуб 17-орында тұр. Яғни клуб маусым соңында екінші дивизионға түсіп қалу қаупімен бетпе-бет келіп отыр, ал команда лидері Неймар жарақатына байланысты көмектесе алмайды.

Жалпы Неймар жарақаттан 2023 жылдан бері көз ашпай келеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір