Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

17 жастағы Дастан Сәтпаев Чемпиондар лигасының тарихына енді

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстан құрамасы және «Қайрат» клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаев УЕФА Чемпиондар лигасы тарихындағы гол соққан ең жас футболшылардың үздік үштігіне кірді. 

17 жастағы Дастан Сәтпаев Чемпиондар лигасының тарихына енді
instagram/@f.c.kairat

Тарихи гол: 17 жас 110 күнде

17 жастағы форвард Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі бесінші турда, сырт алаңда «Копенгагенге» қарсы ойында 81-минутта көзге түсті.

Осы голдың арқасында Сәтпаев Чемпиондар лигасы тарихында гол соққан ең жас футболшылардың алғашқы үштігіне қосылды.

Ансу Фати, Ламин Ямал және Дастан Сәтпаев

УЕФА Чемпиондар лигасы тарихындағы ең жас гол соққандар рейтингі қазір мынадай:

1. Ансу Фати – «Барселона»
Жасы: 17 жас 40 күн
Жылы: 2019
Гол: «Интер» қақпасына
2. Ламин Ямал – «Барселона» жұлдызы
Жасы: 17 жас 68 күн
Жылы: 2024
Гол: «Монакомен» өткен матч
3. Дастан Сәтпаев – «Қайрат» / Қазақстан құрамасы
Жасы: 17 жас 110 күн
Гол: «Копенгаген» қақпасына (2025 жыл, топтық кезеңнің 5-туры)

Бұған дейін үшінші орын «Антверпен» шабуылшысы Джордж Иленихенаға тиесілі еді. Ол «Барселонаға» қарсы ойында 17 жас 119 күнінде гол соққан. Алайда Сәтпаев бұл көрсеткішті жаңартып, оны рейтингте бір сатыға төмен түсірді.

Бұған қоса Дастан Сәтпаев Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде гол соққан алғашқы қазақ болып тарихта қалды. 

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір