Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

«Қайрат» Копенгагенде камбэкке жақын болды

Сарапшы, спорт журналисі

Алматылық клуб УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі бесінші турда Данияда «Копенгагенмен» кездесіп, 3:2 есебімен жеңіліп қалды. 

«Копенгагеннің» басымдығы

Ойынның алматылық клуб үшін сәтсіз басталды. 26-минутта «Копенгаген» шабуылшысы, исландиялық форвард Виктор Дадасон есеп ашты.

Екінші таймда даниялық клуб қарқынын үдетті. Тағы екі гол соғып, есептегі айырмашылықты ұлғайтты. Сол сәтте кездесу тағдыры шешіліп қойғандай көрінді.

Сәтпаев пен Байбектің голдары

Соған қарамастан «Қайрат» соңына дейін беріспей, матчтың аяқталуына аз уақыт қалғанда камбэк жасауға тырысты.

Алдымен Дастан Сәтпаев қателікті пайдаланып, допты қақпаға енгізді. Артынан Олжас Байбек те өз мүмкіндігін жібермей, есепті қысқартты.

Есеп 3:2 болғаннан кейін алматылықтар шабуылды үдете түсті. Бірақ қалған минуттарда таразы басын теңестіре алмады.

Бұл жеңістен кейін «Копенгаген» турнирлік кестеде 29-орынға көтерілді. Ал «Қайрат» төменгі бөлікте қалып, әлі де болса бірде-бір ұпай еншілей алмай отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір