«Қайрат» – «Олимпиакос»: билеттер қашан сатылымға шығады?

Сарапшы, спорт журналисі

Осыған байланысты алматылық клуб өкілдері ресми мәлімдеме жасады. 

«Қайрат» – «Олимпиакос»: билеттер қашан сатылымға шығады?
kz.kursiv.media

Алматылық «Қайраттың» ресми мәліметінше, Грекияның атақты «Олимпиакосына» қарсы өтетін Чемпиондар Лигасының матчының билеттері ертең, 28 қарашада сатыла бастайды. Ойын 9 желтоқсанда Астанадағы «Астана Аренада» өтеді.

Клуб осы кездесуге қатысты билет бағаларын төмендеткенін мәлімдеген болатын. Жаңартылған тариф бойынша құны:

  • 15 000 теңгеден 50 000 теңгеге дейін.

Әр жанкүйер екі билеттен артық сатып ала алмайды.

Билеттер екі ресми платформада қолжетімді болады:

  • Qairat SuperApp
  • Freedom SuperApp

Айта кетейік, 26 қараша күні команда сырт алаңда «Копенгагенмен» ойнап, жеңіліс тапты. Бірақ жас шабуылшы Дастан Сәтпаев тарихи гол соғып, бір емес, екі рекорд жаңартты — бұл матчтың басты оқиғасына айналды.

Ал грекиялық клуб өз алаңында «Реал Мадридпен» (3:4) тартысты матч өткізді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір