Хаби Алонсо жақын арада нәтижені дұрыстамаса, "Реалдан" кетеді деген қауесет бар.
Мадридтік клуб чемпионаттағы қатарынан үшінші матчты тең аяқтап, турнирлік кестедегі бірінші орнын «Барселонаға» беріп қойды. Журналист Пепе Альварес таратқан сыбыстарға сәйкес, «корольдік» клуб бас бапкер Хаби Алонсоны қызметінен босату мүмкіндігін қарастырып жатыр. Испаниялық маманның тағдыры алдағы матчтарда шешілмек. Флорентино Перестің қарауында жалғыз үміткер бар — Зинедин Зидан. Дегенмен, бұл ақпарат әзірге беделді басылымдар тарапынан расталған жоқ.
Хаби Алонсо биылғы жылдың жаз басында Карло Анчелоттидің орнына бас бапкер қызметіне келген еді. 3 желтоқсанда Алонсо шәкірттері Бильбаода «Атлетикке» қарсы сырт алаңда ойнайды.