Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

ҚПЛ үздік бапкерлерінің бірі "Ақтөбені" жаттықтыруы мүмкін

Сарапшы, спорт журналисі

Өткен маусымда ақтөбелік клуб ішкі чемпионатта небәрі бесінші орын иеленіп, еурокубоктарға жолдама ала алмады.

ҚПЛ үздік бапкерлерінің бірі "Ақтөбені" жаттықтыруы мүмкін
Сурет: "Ақтөбе" ФК

Украиналық маман Андрей Демченко келесі маусымда «Ақтөбенің» бас бапкері болуы мүмкін, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

Жағдайға жақын дереккөздің мәліметінше, 49 жастағы маман «ақ-қызылдардың» негізгі командасына жаңа бас бапкер ретінде қарастырылып жатыр. Алайда Демченкодан бөлек, ақтөбеліктердің шорт-тізімінде басқа да үміткерлер бар.

Еске салайық, 2025 жылғы маусым барысында Демченко астаналық «Жеңісті» басқарған еді. Оның жетекшілігінде команда 17 матч өткізіп, сегіз рет жеңіске жетті, алты рет тең ойнады және үш мәрте жеңілді. Нәтижесінде чемпионатты турнир кестесінде алтыншы орында аяқтады.

«Жеңістен» бөлек, Демченконың жаттықтырушылық мансабында Украинаның «Металлург Запорожье», «Обод», «Верес», «Львов», «Металлист Харьков» және «Буковина» командалары бар. Сондай-ақ маман Өзбекстанның «Обод» клубын және Грузияның «Дила» мен «Динамо Батуми» командаларын жаттықтырған.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір