Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Серікжан Мұжықов өзіне жаңа клуб тапты

Сарапшы, спорт журналисі

Тәжірибелі ойыншы талдықорғандық командаға ауысады. 

Серікжан Мұжықов өзіне жаңа клуб тапты
NUR.KZ

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Серікжан Мұжықов алдағы маусымға дайындық барысында туған клубы «Жетісумен» келісімге келді. Тәжірибелі ойыншы талдықорғандық командаға қайта оралады.

Футболшы өткен маусымда «Елімай» және «Оқжетпес» сапында өнер көрсетіп, ҚПЛ-дің 20 матчында бір гол соқты.

Естеріңізге сала кетейік, жуырда ғана «Жетісудың» тізгінін қазақстандық маман Қайрат Нұрдәулетов қайтадан қолға алғаны белгілі болды. Ол бұрын «Оқжетпесті» жаттықтырды. 

Мұжықовтың мансабы

34 жастағы жартылай қорғаушы әр жылдары Қазақстанның бірнеше жетекші клубында ойнаған:

  • «Жетісу» (өзінің алғашқы кәсіби клубы)
  • «Астана»
  • «Қайсар»
  • «Тобыл»

Ұлттық құрама сапында 30 матч өткізіп, 2 гол соқты.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір