Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

"Елімай" ұлттық құрама ойыншысына ұсыныс жасады

Сарапшы, спорт журналисі

Семейдің «Елімай» клубы трансферлік нарықта белсенді. Вингер Дамир Маратқа келісімшарт ұсынды.

"Елімай" ұлттық құрама ойыншысына ұсыныс жасады
Спортшының әлеуметтік желісінен

Алматы облысының тумасы Дамир Марат «Оқжетпес» сапындағы сәтті маусымнан кейін «Елімайдан» өте тиімді ұсыныс алды. 25 жастағы ойыншыға қаржылық тұрғыдан керемет келісімшарт ұсынылған. Әзірге тараптардың ортақ мәмілеге келіп-келмегені белгісіз. 

Бұған дейін семейлік клуб шабуылшы Айбар Жақсылықовпен келісімшартқа отырғанын және жартылай қорғаушы Жан-Әлі Паурузбен келісімді ұзартқанын жариялаған еді.

2025 жылғы маусымда Марат «Оқжетпес» сапында барлық турнирлерде 26 матч өткізіп, төрт гол және төрт нәтижелі пасымен көзге түсті. Сондай-ақ биыл футболшы Қазақстан ұлттық құрамасының кеңейтілген тізіміне енген болатын.

Ал семейлік «Елімай» қазір құрамын күшейту үшін барын салып жатыр. Себебі келесі маусымда УЕФА Конференция лигасының іріктеу кезеңінде өнер көрсетеді. Клуб үшін бұл еурокубок ойындарындағы дебют болады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір