ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ 25-тур

Месси ӘЧ қатыса ма? Аргентина бапкері мәлімдеме жасады

Естеріңізге салсақ, Аргентина 2022 ӘЧ жеңген еді.

Месси ӘЧ қатыса ма? Аргентина бапкері мәлімдеме жасады
Сурет: ашық дереккөздерден

Аргентина құрамасының бас бапкері Лионель Скалони команда шабуылшысы Лионель Мессидің 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігі туралы пікір білдірді.

«Ол өзі шешеді — бара ма, жоқ па. Қалай болғанда да, біз оның шешімін қолдаймыз. Барлығы жақсы жүріп жатыр, бірақ алты ай — үлкен уақыт. Біз ол өзі және құрамамыз үшін ең дұрыс шешім қабылдайды деп үміттенеміз», — деп келтіреді Скалонидің сөзін Джанлука Ди Марцио өз сайтында.

Аргентина құрамасы J тобына түсті. Бұл топта олар Австрия, Алжир және Иордания құрамаларымен кездеседі.

2026 жылғы әлем чемпионаты келесі жазда АҚШ, Канада және Мексика аумағында өтеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.