Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

«Реал» футболшысына 120 миллион еуро жалақы ұсынылды

Сарапшы, спорт журналисі

«Реал» шабуылдаушы жартылай қорғаушы Браим Диас Сауд Арабиясынан қаржылай ұсыныс алып жатыр деген мәлімет тарады. 

«Реал» футболшысына 120 миллион еуро жалақы ұсынылды
english.aawsat.com

Сауд Арабиясынан қымбат келісімшарт

Испаниялық БАҚ мәліметінше, Сауд Арабиясы клубтары Браим Диасты қатты қалайды. Өткен жазда-ақ арабтар оған қызығушылық танытқан. Бірақ сол кезде трансфер жүзеге аспаған. Енді олар Диасқа жалпы құны 120 миллион еуро болатын келісімшарт ұсынуға даяр. Оның мерзімі 4 маусымға есептелген. Жалақы көлемі жылына шамамен 30 миллион еуро.

Осылайша Браим Диасқа ұсынылған жалақы қазіргі табысынан бірнеше есе көп болуы мүмкін. Мұндай қаржылық пакет кез келген футболшыны ойландыратыны анық.

«Реал» қалдырғысы келеді, бірақ…

Мадридтіктер Диасты командада сақтап қалуды қалайды. Алайда маңызды бір фактор бар – ойын уақытының аздығы.

Клуб деңгейінде титулдар үшін күресетін, жұлдыздарға толы құрамда Браим Диасқа тұрақты түрде негізгі құрамнан орын алуға, толыққанды матч өткізуге оңай болмай тұр. Бұл жағдай ойыншының болашағына қатысты шешіміне тікелей әсер етуі мүмкін.

БАҚ дерегінше, Диас өз таңдауын әлем чемпионатынан кейін ғана жасайды. Яғни ол алдымен ұлттық құрамадағы және клубтағы маусымына қарап, содан соң Сауд Арабиясына көшу-көшпеу мәселесін қарастырмақ.

Қазіргі мәлімет бойынша, 2025/2026 маусымында Браим Диас 16 матчқа қатысқан. Бар болғаны 454 минут қана алаңда ойнаған. Бұл – орта есеппен бір ойынға 28,4 минут деген сөз.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір