Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Месси алғаш рет MLS чемпионы атанды

Сарапшы, спорт журналисі

Америкалық Major League Soccer (MLS) лигасында тарихи түн өтті. Лионель Месси бастаған «Интер Майами» 2025 жылғы маусымның плей-офф финалында «Ванкувер Уайткэпсті» 3:1 есебімен жеңіп, клуб тарихында алғашқы MLS Кубогын иемденді.

«Интер Майамидің» тарихи финалы: автогол және камбэк

Шешуші матч Форт-Лодердейлдегі «Чейз Стэдиум» аренасында өтті. Есеп ойынның басында-ақ ашылды. 8-минутта «Ванкувердің» колумбиялық қорғаушысы Эдьер Окампо допты өз қақпасына соғып алды. Эпизод Мессидің өткір пасынан кейін туған шабуылдың жалғасы болды.

Екінші таймда қонақтар есепті теңестіре алды. Канадалық қорғаушы Али Ахмед айып алаңы сызығының маңынан тура соққы жасады.

Ойын тағдырын Аргентина жұлдыздары шешті. 71-минутта жартылай қорғаушы Родриго Де Пауль қақпашымен бетпе-бетт шығып, «Интер Майамиді» қайта алға шығарды. Әдемі голға негіз болған – Мессидің қарсыластан допты тартып алып, дәл шығарған пасы болды. Ал 96-минутта аргентиналық форвард Тадео Альенде тағы да Мессидің шебер ассистін ұтымды пайдала білді. Осылайша Месси финалда екі нәтижелі пас беріп, шешуші сәттердің барлығына дерлік қатысты. 

407 ассист, 47-ші трофей және Альба мен Бускетспен қоштасу

MLS Кубогындағы дубль-ассист Мессиге кәсіби футболдағы 407-ші голдық пасына жетуге мүмкіндік берді. Бұл жаңа әлемдік рекорд ретінде аталып жатыр. 

«Интер Майамидің» бұл жеңісі клуб тарихындағы алғашқы MLS чемпиондығы болып қана қойған жоқ, Мессидің жеке коллекциясындағы 47-ші трофейіне айналды (Шығыс конференциясы үшін берілетін жүлдені есептемегенде). 

Финал тағы бір маңызды жайтпен есте қалды. Мессидің «Барселонадағы» бұрынғы серіктестері, испаниялық жұлдыздар Жорди Альба мен Серхио Бускетс кәсіби мансабындағы соңғы матчтарын өткізді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір