Командалардың чемпиондар лигасы аясындағы кездесуі ертең "Астана Арена" стадионында өтеді.
Грекияның Gazzetta.gr сайты «Олимпиакос» командасының Астанаға келуі және футболшылардың алғашқы әсерлері туралы арнайы материал жариялады. Алматылық «Қайратқа» қарсы өтетін шешуші матч алдында грек делегациясы елордадағы алғашқы сәттерін сипаттап берді.
«Олимпиакос» жексенбі күні жауынды Афинадан ұшып шығып, бес сағаттан астам жолдан кейін қарлы Астанаға қонды. Gazzetta.gr тілшісінің жазуынша, қону кезінде ауа температурасы –4°C болған — қазақстандықтар үшін қалыпты деңгей, бірақ шетелдіктер үшін айтарлықтай салқын.
Аэропорттағы алғашқы көріністер арнайы атап өтілді:
Басылымның арнайы тілшісі Димитрис Томарастың мәліметінше, негізгі және жастар командасы Қазақстанға көтеріңкі көңіл-күймен келген және «Қайратқа» қарсы екі матчта да жеңіске жетуді мақсат етіп отыр.
«Бұл жолы „Олимпиакостың“ қарсыласы — Алматының „Қайраты“. Бұл матч Мендилибар командасы үшін шешуші маңызға ие», — деп жазады ол.