Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

"Қайрат" жастары ЧЛ аясында "Олимпиакостан" басым түсті

Сарапшы, спорт журналисі

Алматылық клуб Чемпиондар лигасында алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

"Қайрат" жастары ЧЛ аясында "Олимпиакостан" басым түсті
Фото: "Қайрат" ФК

Алматының «Қайрат» U-19 командасы УЕФА жасөспірімдер лигасының жалпы кезеңіндегі соңғы матчта Грекияның «Олимпиакосын» қабылдап, айқын жеңіске жетті.

Ойынның небәрі төртінші минутында Рамазан Бағдат дәл соққысымен есепті ашты. Үзілістен кейін де алаң иелері қарқынын бәсеңдетпей, 57-минутта Мұхамедәлі Әбіш нәтижені еселеп, матчтың қорытынды есепін белгіледі – 2:0.

Кездесуді «Қайраттың» бастапқы құрамында Шерхан Қалмұрза, Данияр Ташпұлатов, Әмірбек Базарбаев, Мұстафа Шен, Адлан Нұрғалиев, Шыңғыс Дүйсенбек, Мұхамедәлі Әбіш, Карим Мұхаметжан, Мансұр Бірқұрманов, Әкежан Қалиқұлов және Рамазан Бағдат бастады.

Бұл жеңіс алматылықтарға жалпы кезеңдегі алғашқы толық үш ұпайды алып келді. Жарысты «Қайрат» U-19 төрт ұпаймен аяқтады. Бұған дейін команда Португалия, Испания, Кипр және Италия жасөспірімдерінен ұтылып, Дания клубымен тең түскен еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 2
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір