ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

Елдос Ахметов мансабын Еуропада жалғастырмақ

Қазақстан жастар құрамасының бапкері Елдос Ахметов тәжірибесін шетелде шыңдауды көздеп отыр.

Fonteam youtube-арнасында ұлттық құраманың экс-ойыншысы Еуропада бапкерлік тәлім алуға ниетті екенін айта кетті:

"Бізде шетелде бапкер болып жүрген маман жоқ. Жоғары деңгейде жүрген, топтық кезеңге шыққан. Неге сондай бапкерлерді біздерге шығармасқа? Мен енді сондай бапкерлердің бірі болғым келеді. Қазір ағылшын тілін үйреніп жатырмын. Сол себепті, шетелдік бапкер шақырғанша, өзіміздің мамандар сол жақтан тәжірибе алғаны жақсы", - деді Елдос Ахметов.

Fonteam-ның тағы бір резиденті Ерсін Еріктің "шетелге сізді кім жіберу керек" деген сауалына Ахметов былай жауап берді:

"Мен өз тарапымнан бірінші ұсыныс болу керек. Өзімнің мақсатым болу керек. Шетелге шығамын, ойыншы ретінде шыға алмасам да, бапкер ретінде шыққым келеді. Барып, бір маманның қол астында тәлім алып, үйренгім келеді", - деді Елдос.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.