Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров аймақтың бас футбол жобасы – «Тұран» клубы алдағы уақытта жеке меншікке өтетінін мәлімдеді. Команда биылғы маусымда ҚПЛ-дан түсіп қалды.
Орталық коммуникациялар қызметінде (ОКҚ) өткен брифингте Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «Тұран» футбол клубының болашағына қатысты маңызды жаңалықты бөлісті.
Әкімнің сөзінше, клубтың меншік формасы өзгеруге жақын:
«„Тұран“ өте жақын уақытта жеке меншікке өтеді. Қазір бізде әлеуетті инвестор бар, келіссөздер жүріп жатыр. Жақын арада клубты сатылымға шығарамыз», – деді Көшеров.
Осылайша «Тұранның» алдағы маусымдағы тағдыры тікелей инвестормен келісім және жаңа иенің пайда болуына байланысты болмақ.
ҚПЛ-дан құлап, Бірінші лигаға төмендеген «Тұран» үшін қазір шешуші кезең басталды. Егер жекешелендіру сәтті жүзеге асса, жаңа иесінің қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуі, инфрақұрылымды дамытуы, сапалы трансфер саясатын жүргізуі, жастар академиясына екпін беруі клубтың қайтадан жоғары лигаға оралуына негіз бола алады.
Керісінше, келіссөздер сәтсіз аяқталса немесе инвестор клубты ұзақмерзімді жоба ретінде қарастырмаса, «Тұранды» біріншіліктің ортаңғы немесе төменгі бөлігінде жүретін командаға айналу қаупі де жоқ емес.
«Тұранның» жеке меншікке өту ықтималдығы – Қазақстан футболындағы жалпы жекешелендіру толқынының жалғасы. Бұған дейін бірқатар клуб жекешелендірілген еді:
Бұл үрдіс мемлекетке түсетін қаржылық салмақты азайтып, клубтардың бәсекеге қабілеттілігін нарық заңдары мен жеке инвестиция есебінен арттыруға бағытталған қадам ретінде қарастырылып отыр.