Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

«Қайсар» жаңа бапкерлік штабын таныстырды

Сарапшы, спорт журналисі

Қызылорданың «Қайсар» клубы жаңа маусым қарсаңында бапкерлік құрамын толық жаңартып, ресми түрде таныстырды. 

«Қайсар» жаңа бапкерлік штабын таныстырды
instagram/@fckaysar_official

Андрей Ферапонтов – жаңа бас бапкер

Клубтың Instagram-парақшасында 2026 жылғы маусымда «Қайсарды» жаттықтыратын мамандар құрамы жарияланды. Жаңа маусымда қызылордалық команданы:

  • Андрей Ферапонтов – бас бапкер;
  • Дмитрий Карпов – бас бапкердің көмекшісі;
  • Жарқынбек Жоламанов – аналитикалық бапкер;
  • Евгений Валентюкевич – физикалық даярлық бойынша бапкер;
  • Виталий Кувшинов – қақпашылар бапкері ретінде жұмыс істейді.

Осылайша «Қайсар» алдағы маусымға тактикалық, физикалық және аналитикалық бағытты күшейтуге басымдық бергенін көрсетуде.

Қиын маусымнан кейінгі қайта жүктеу

Еске салайық, «Қайсар» 2025 жылғы Қазақстан Премьер-Лигасы маусымында турнир кестесінде 11-орынмен шектелген еді. Бұл нәтиже жанкүйерлер мен сарапшылар арасында сынға ұшырап, клубтың жаңаруға бет бұруына ықпал етті.

Қазан айында қызылордалық бизнесмен Исламғали Қозбақов клубтың жаңа иесі атанды. Меншік иесінің ауысуы, одан кейін бапкерлік штабтың толық жаңаруы – «Қайсардың» жаңа жобасы мен ұзақмерзімді стратегиясы басталғанының белгісі ретінде қабылдануда. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір