"Ақтөбе" ФК болгариялық бас бапкер Николай Костовтың болашағына қатысты ақпаратты нақтылады. Қазір команда ішінде бапкердің қызметінен кетуі жайлы мәселе көтеріліп отырған жоқ.
Клуб өкілдерінің хабарлауынша, қазір Костовты отставкаға жіберу күн тәртібінде жоқ. Басшылық басқа мамандармен келіссөз жүргізіп жатқан жоқ.
Осылайша "Ақтөбе" бас бапкердің ауысатыны туралы қауесеттерге ресми позициясын білдірді.
Бұған дейін бірқатар БАҚ-та "Ақтөбеге" келуі мүмкін шетелдік мамандар ретінде мына бапкерлердің аты аталды:
Алайда клуб тарапы әзірге мұндай келіссөздердің жоқ екенін мәлімдеп отыр.
Айта кетейік, Николай Костовтың "қызыл-ақтармен" келісімшарты бар. Қазір команда Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Жиын 29 қаңтарға дейін жалғасады.
Болгариялық маман "Ақтөбені" былтыр тамыз айында тізгіндеді. Сол уақыттан бері команда 7 матч өткізді. 3 рет жеңіске жетіп, 1 рет тең ойнады.