"Эмирейтске" бару қанша тұрады? "Қайрат" – "Арсенал" матчына билет бағасы белгілі болды
"Қайрат" Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі соңғы тур ойындарына арналған билеттердің сатылымы басталғанын хабарлады.
Қонақтағы матчтың билеті қанша тұрады?
Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі қорытынды турда "Қайрат" өз тобындағы көшбасшы — лондондық "Арсеналмен" кездеседі.
Матч өтетін стадион: "Эмирейтс" (Лондон)
Ойын уақыты: 28 қаңтар, 20:00 (Лондон уақытымен) / 01:00 (Астана уақытымен)
Қонақ секторына билет бағасы: 36 000 теңге
Сол турдағы тағы бір ойын: "Ливерпуль" – "Қарабах"
Осы турда Чемпиондар лигасында тағы бір қонақ матч өткізетін команда — Әзербайжанның "Қарабахы". Олар Англияда" Ливерпульге" қарсы ойнайды.
Матч өтетін стадион: "Энфилд"
Билет құны: 115 әзербайжан манаты (шамамен 34 500 теңге)
"Қайраттың" Астанадағы үй матчы: "Брюггеге" қарсы ойын
Айта кетейік, бұған дейін 20 қаңтарда "Қайрат" Чемпиондар лигасының 7-турында өз алаңындағы матчты өткізеді.
Өтетін орны: "Астана Арена"
Қарсылас: Бельгияның "Брюггесі"
Билет бағасы: 15 000 – 50 000 теңге