"Реал Мадрид" соңғы 13 айда жеті турнирде жеңілді

Сарапшы, спорт журналисі

"Галактиос" соңғы күндері ауыр кезеңді бастан кешіп жатыр. Команда айналасында бапкерлік ауыс-түйіс, бірқатар сәтсіз нәтижелер және қоғамдық сын қатар күшейді.

"Реал Мадрид" соңғы 13 айда жеті турнирде жеңілді
instagram/@rea

2024 жылдың желтоқсанынан бері жеті жарыста нәтиже жоқ

Сарапшылардың есебі бойынша, УЕФА Чемпиондар лигасының 15 дүркін жеңімпазы саналатын "Реал" 2024 жылғы желтоқсаннан бастап қатысқан жеті турнирде мақсатқа жете алмаған.

Осы жағдайды испаниялық медиа да жіті бақылап отыр. Белгілі комментатор Маноло Лама клубтағы өзгерістерге қатысты ащы пікір білдірген:

"Олар Анчелоттиді жеткіліксіз деп шығарып жіберді. Кейін Хаби Алонсоны да “жеткіліксіз” деп орнынан алды. Ал алаңда ойыншылар мен VIP-ложадағы бір адам ғана қалды".

Испаниялық журналистердің пайымынша "VIP-ложадағы адам" дегені клуб президенті Флорентино Перес болуы мүмкін.

Соңғы ірі трофей қашан болды?

"Корольдік клуб" соңғы рет 2024 жылғы 19 желтоқсанда үлкен жеңіске жетіп, Құрлықаралық кубокты иеленген.

Команда капитаны Даниэль Карвахаль қазіргі жағдайға ашық баға беріп, жауапкершілікті өздеріне алғанын айтты:

"Төменгі шекке жеттік: бізді Сегундадағы команда турнирден шығарып жіберді. Өзімізге сын көзбен қарауымыз керек. Маусымды өзгертуге әлі уақыт бар. Алда екі керемет турнир тұр, күресеміз. Қазір форма жақсы емес, көп еңбек қажет. Жанкүйерден кешірім сұраймыз. Біз, ең алдымен мен, клубтың деңгейі мен үмітіне сай емеспіз. Алдағы айларда жағдайды түзету үшін бар күшімізді саламыз".

2025 жылы" Барселона" бірнеше майданда басым түсті

"Реал" 2025 жылы Суперкубок пен Испания кубогы финалында "Барселонадан" жеңіліп, сондай-ақ Ла Лигада чемпиондықты каталондықтарға беріп қойған.

Еуропаның басты додасы — УЕФА Чемпиондар лигасында "Реал" 1/4 финалда «Арсеналға» жол берді.

Ал Клубтар арасындағы әлем чемпионатында мадридтіктер жартылай финалда ПСЖ-дан өте алмады.

Арбелоа: "Сәтсіздік – жолдың бір бөлігі" 

Команданың бас бапкері Альваро Арбелоа да жеңілісті "ақырзаман" деп бағаламауға шақырды:

«Мен сәтсіздіктен қорықпайтынымды айтқанмын. Мұны “күйреу” деуге тырысқандарды түсінемін. Бірақ сәтсіздік — табысқа апаратын жолдың бір бөлігі, ол бізді күшейтеді. Бұдан да ауыр жағдайларды көргенмін. Келесі матчқа барынша дайындаламыз. Жігіттер жеңіске ұмтылып ойнады, оларды кінәлай алмаймын. Енді еңсе көтеріп, жұмысқа кірісу керек».

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір