Мәжбүр болды: Әлібек Қасым "Ақтөбе" сапынан не себепті кетті?

Сарапшы, спорт журналисі

"Ақ-қызылдар" капитаны Әлібек Қасым жаңа маусымда басқа клубтың намысын қорғайтын болады. Қазіргі таңда ойыншы еркін агент.

Мәжбүр болды: Әлібек Қасым "Ақтөбе" сапынан не себепті кетті?
Әлібек Қасым. Фото: "Ақтөбе" ФК

Футбол сарапшысы Рымбек Изғали Қазақстан құрамасының қорғаушысы Әлібек Қасымның «Ақтөбеден» күтпеген жерден кетуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды U-Sport YouTube-арнасы.

— Қасым «Ақтөбеден» кететінін айтқанда, оған қарсы болғандар болды ма?

"Қасым өзі кеткісі келетінін айтты ма? Қараңызшы, Қасым — Қазақстан құрамасының ойыншысы, кез келген клуб оны қуана қабылдайды. Өткен жылы ол «Ақтөбемен» келісімшартын екі жылға ұзартқан. Мен өз нұсқамды айтайын: бұл тексерілген ақпарат деп кесіп айтпаймын, бірақ менің ойымша, Қасымның өзі кеткісі келмеген — оны бұған жанама түрде мәжбүрлеген. Бұл ақпаратты нақтылап, келесі подкасттарда айтып беремін, алайда жеке пікірім — оны клубтан кетуге мәжбүрледі".

Айта кетейік, 27 жастағы «Қайрат» клубының түлегі «Ақтөбеден» 1 қаңтарда ресми түрде кетті. Ол команда сапында бірнеше маусымда 140 матч өткізіп, 19 гол соғып, 6 нәтижелі пас берген. Transfermarkt порталы футболшының нарықтағы құнын 750 мың доллар деп бағалайды. 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы сапында бес матчқа қатысып, бір гол соқты. Қазіргі уақытта ойыншы клубсыз жүр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір