Уақыт созу енді жазаланбақ: футболда жаңа ережелер талқылануда

Сарапшы, спорт журналисі

IFAB матчтардағы уақыт созуды тоқтатудың жаңа жолдарын талқылау үстінде. Енді ауттан допты ойынға қосу уақыты шектеулі болмақ.

Уақыт созу енді жазаланбақ: футболда жаңа ережелер талқылануда
Сурет: ашық дереккөздерден

The Athletic басылымының хабарлауынша, келесі аптада арнайы кездесу өтіп, онда футбол матчтарында әдейі уақыт созуды тоқтатуға бағытталған бірқатар ұсыныстар талқыланады. Атап айтқанда, допты ауттан ойынға қосу мен қақпадан тебу кезінде кері санақ енгізу, сондай-ақ ойыншы ауыстыруға бөлінетін уақытты шектеу мәселелері күн тәртібіне шығарылмақ.

Халықаралық футбол қауымдастықтары федерациясы (IFAB) соңғы жылдары матчтардағы уақыт жоғалтуды азайтуға ерекше көңіл бөліп отыр. Ұйымның басты мақсаты — ойынды мүмкіндігінше динамикалы әрі әділ ету.

2025-тегі өзгерістер жайлы

Өткен жылы IFAB ережелерге маңызды өзгеріс енгізген болатын: егер қақпашы допты қолында сегіз секундтан артық ұстап тұрса, қарсылас командаға бұрыштама соққы (корнер) беріледі. Бұл жаңашылдық қақпашылардың уақыт созуын шектеуге бағытталған.

Енді қарастырылып отырған жаңа ұсыныстар да осы бағытты жалғастыруы мүмкін. Мысалы, аутты немесе қақпадан тебуді орындау кезінде белгілі бір уақыт ішінде әрекет жасалмаса, төреші ойыншыны немесе команданы жазалауы ықтимал. Сондай-ақ ойыншы ауыстыру кезінде де нақты уақыт лимиті белгіленуі мүмкін.

Егер бұл бастамалар қолдау тапса, алдағы маусымдарда футбол ережелеріне тағы да өзгерістер еніп, матчтардың қарқыны арта түсуі ықтимал. IFAB қабылдайтын кез келген шешім бүкіл әлем футболына әсер ететінін ескерсек, бұл талқылау жанкүйерлер мен мамандардың назарын аударып отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір