Қазақстандық жас футболшылар Португалия чемпионатында өздерін жақсы қырынан танытып жүр.
Бұған дейін қазақстандық ойыншылар тек жастар командалары деңгейінде өнер көрсетіп келсе, Афуан Дәулетұлы Португалияның ересектер құрамымен кәсіби келісімшартқа қол қойған алғашқы отандасымыз атанды. 19 жастағы жартылай қорғаушы Лиссабоннан 40 шақырым қашықтықта орналасқан Мафра қаласының «Атлетико Малвейра» клубына ауысты. Оның құқықтарын танымал агент Паулу Барбоза қорғайды. Сарапшылар Афуанның техникасын, сондай-ақ ойынды түсіну деңгейін жоғары бағалауда.
Жас футболшы мансабын Георге Хаджи академиясында бастап, кейін Португалияда тәжірибе жинады. Бірнеше елдің клубтарынан ұсыныс түскеніне қарамастан, ол өз дамуы үшін «Атлетико Малвейраны» таңдауды жөн көрді.
Айта кетсек, тараптар 1+1 форматындағы келісімшартқа келді.