"Оқжетпес" ФК жуық арада жеке меншік басқаруға берілуі мүмкін.
Ақмола облысындағы ірі агрохолдингтердің бірі клубты сатып алып, басқаруды өз қолына алу нұсқасын қарастырып отыр.
Қазір агрохолдинг басшылығы мен Ақмола облысының билігі арасында келіссөз жүріп жатыр. Яғни тараптар клубты қаржыландыру, басқару жүйесі және даму жоспарын талқылауда.
Соңғы уақытта "Оқжетпес" қаржыландыру бойынша қиындықтарға тап болған. Соның салдарынан команданың бірқатар лидер ойыншысы басқа клубтарға ауысты. Жаттықтырушылар штабы да өзгеріске ұшырады.
Клубтың жаңа бас бапкері ретінде қазақстандық Ринат Әлюетов бекітілгені де нақтыланды.
Өткен маусымда "Оқжетпес" Қазақстан Премьер-Лигасының турнир кестесінде 8-орын алды.
Айта кетейік, Қазақстанда футбол клубтарын жекешелендіру процесі жүйелі түрде жүріп келеді. Бұған дейін жеке басқаруға өткен клубтардың қатарында:
Сонымен бірге "Ақтөбе" клубы жеке басқару форматына өткен командалардың қатарына қосылған.