Еуропа чемпионы Қазақстанда! Нани "Ақтөбеге" ауыспақ

Сарапшы, спорт журналисі

Луиш Нани Португалия құрама сапында 100-ден астам ойын ойнап, голдар саны бойынша тарихтағы он үздік ойыншының қатарына кіреді.

Еуропа чемпионы Қазақстанда! Нани "Ақтөбеге" ауыспақ
Сурет: ашық дереккөздерден

Zidan4eg Live дерегіне сүйенсек, «Манчестер Юнайтед» пен Португалия құрамасының экс-футболшысы Луиш Нани «Ақтөбеге» ауысуға жақын.

Айта кетейік, бұдан бірнеше жыл бұрын ол Абат Айымбетовпен бірге Түркияның «Аданадемирспор» клубында ойнаған.

Сондай-ақ, футболшы бір жыл бұрын мансабын аяқтағанын жариялаған. Ол соңғы рет 2024 жылы алаңға шықты.

Нани туралы

Португалиялық танымал футболшы Луиш Нани мансабында бірқатар беделді клубтардың намысын қорғады. Ол кәсіби футболдағы жолын Лиссабонның «Спортинг» клубында бастап, кейін Англияның атақты «Манчестер Юнайтед» командасында ұзақ жылдар бойы ойнады. Жалпы командалар тізімі келесідей:

• «Спортинг» Лиссабон;

• «Манчестер Юнайтед»;

• «Фенербахче»;

• «Валенсия»;

• «Лацио»;

• «Орландо Сити»;

• «Венеция»;

• «Мельбурн Виктори»;

• «Адана Демирспор»;

• «Эштрела да Амадора»;

Ұлттық құрамадағы дебютін екі мың алтыншы жылы жасады. Португалия ұлттық құрамасындағы статистикасы:

• Құрама сапында 112 матч өткізді;

• 24 гол соқты;

• Еуропа чемпионатының жеңімпазы атанды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір