"Тобылдың" көшбасшысы бәсекелес клубқа ауысты

Сарапшы, спорт журналисі

Ол қостанайлық клубтың намысын соңғы екі маусым бойы қорғап келді. Бірақ өткен жылы ауыр жарақат алып, "Тобылда" небәрі 13 ойын ғана өткізді.

"Тобылдың" көшбасшысы бәсекелес клубқа ауысты
Иван Миладинович. Фото: "Тобыл" ФК

«Елімай» семейлік клубының баспасөз қызметінің хабарлауынша, команда сербиялық орталық қорғаушы Иван Миладиновичпен ресми түрде келісімшартқа қол қойды.

31 жастағы футболшымен жасалған келісімнің шарттары жарияланған жоқ.

Бүған дейін "Тобыл" мен РПЛ-да ойнаған

Бұған дейін Миладинович Қостанайдың "Тобыл" клубында ойнап, қорғаныс шебіндегі негізгі ойыншылардың бірі болған. Алайда өткен жылы ауыр жарақат алып, маусымның едәуір бөлігін өткізіп алды. ҚПЛ-2025 маусымында 13 матчқа қатысқанымен, нәтижелі әрекеттерімен көзге түсе алған жоқ.

Айта кетейік, Иван Миладинович Ресей Премьер-лигасында да мол тәжірибеге ие. Ол бұл чемпионатта «Пари НН» мен «Сочи» клубтарының намысын қорғаған.

Еске салайық, «Елімай» өткен маусымда турнирлік кестеде төртінші орын алып, Конференция лигасының іріктеу кезеңіне қатысу құқығына ие болды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір