Нани "Ақтөбеде" қанша жалақы алады?

Сарапшы, спорт журналисі

Португалия құрамасының экс-жұлдызы әрі "Манчестер Юнайтедтің" бұрынғы ойыншысы Луиш Нани "Ақтөбе" сапында мансабын қайта жалғастыруы мүмкін. 

Нани "Ақтөбеде" қанша жалақы алады?
Instagram/@luisnani

Нанидің "Ақтөбедегі" жалақысы қанша?

Келісімшарттың қаржылық бөлігіне қатысты бейресми ақпарат тарады:

  • Ай сайынғы жалақысы: шамамен 70 000 еуро
  • Теңгеге шаққанда: 41 592 600 теңге

Match.kz мәліметі бойынша, экс-МЮ ойыншысы Қазақстанда айына 70 мың еуро көлемінде табыс табуы ықтимал.

Қашан келеді? Таныстырылымы қашан өтеді?

Алдын ала ақпаратқа сүйенсек, футболшы 22 қаңтарда Алматыға ұшып келеді. Одан кейін Ақтөбеге жол тартып, онда ойыншының ресми таныстырылымы өтеді деп күтілуде.

Луиш Нанидің "Ақтөбеге" келуі ҚПЛ-дегі ең көп талқыланатын трансферлердің біріне айналуы мүмкін. Егер бейресми дерек расталса, португалиялық легионердің айлығы Қазақстан футболы үшін өте жоғары деңгейдегі келісімдердің қатарына енеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір